Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Вице-президенттің міндеті қандай болады?

Вице-президенттің міндеті қандай болады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстан Республикасы Вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әр нәрсенің өз уақыты бар деп халық бекер айтпайды. Менің ойымша, дәл сол уақыт келген сияқты. Бүгін Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысында жаңа әрі маңызды ұсынысымды айтқым келеді. Мен ұсынып отырған бұл жаңашылдық бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қалыптастырған бүкіл саяси құрылымды өзара үйлестіріп, толықтыратын болады. Әңгіме Қазақстан Республикасы Вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Вице-президентті Президент Парламенттің келісімімен, қарапайым көпшілік дауыспен тағайындайтын болады. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды.

Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:
– Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық форумдарда және шетелдік мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде таныстырады;
– Президенттің мүдделерін Парламентте білдіреді;
– отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
– Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің атауын «Құрылтай» деп атауды ұсынды.

Сондай-ақ Президент неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда бекіту туралы ойын айтты.

Кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың басында болған жағдайға да аса мән берді.

Фото: Ашық дереккөзден

20 қаңтар 2026 ж. 53 0