Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Алматыдан 316 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 316 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 30 шілде күні Алматы уақытымен 02.58-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 316 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 11.2. MPV магнитудасы – 4.8. Эпицентр координаттары – 41.39° с.е. 73.96° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 29 шілдеде сағат 19.00-де Алматыдан шығысқа қарай 523 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінді. MPV магнитудасы - 5.0. Дүмпудің сезілуі туралы ақпарат түспеген.
Фото: Anadolu Agency
30 шілде 2023 ж. 325 0