Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайызғақтан құтылу үшін

Қайызғақтан құтылу үшін


Қайызғақ – тері бездерінің күшеюінен немесе нашарлауынан пайда болатын тері ауруы. Шашты, теріні күтпегеннен, зат айналымы дұрыс жұмыс істемеуінен және дәрумен жетіспеушілігінен пайда болады. Сонымен қатар, қайызғақ инфекция арқылы да жұғуы мүмкін. Осы тұрғыда майлы шаштағы қайызғақты сусабынмен жуып құрғату керек болса, ал құрғақ шаштарға, керісінше, емдеп, құтылудың түрлі тәсілі бар. Ендеше терінің өлі клеткаларынан, яғни қайызғақтан тезірек арылған жөн. Назарларыңызға қайызғақтан арылудың түрлі амал-тәсілін ұсынамыз.

1. Қалақайдан (крапива) жасалған маска – қайызғаққа қарсы күшті құрал. 1 стақан суға 3-5 ас қасық үгітілген қалақайды салып, 10 минут ыстық су ваннасында ұстаңыз. Одан кейін суды сүзіп алып, бас терісін сүртіңіз.

2. 4 ас қасық зәйтүн майын ыстық су ваннасында жылытып алып, жарты лимон шырынын қосыңыз. Жылы қоспаны бас жуардан 1 сағат бұрын саусақ ұшымен бас терісіне массаж жасай отырып жағыңыз.

3. Пияз езбесін басыңызға жағып, жылылай ораңыз. 2 сағаттан кейін сусабынмен жуыңыз.

4. 2 жұмыртқаның сарысына жарты лимон шырыны мен бірнеше тамшы майсана (касторка) майын араластырып, бас терісіне жағыңыз да жылылап ораңыз. 1-2 сағаттан кейін жуасыз.

5. 1 ас қасық пияз шырыны мен 2 ас қасық спирт, 1 ас қасық майсана майын араластырыңыз. Бас жуардан бір сағат бұрын бас терісіне жағып, жылылап ораңыз.

6. Құрғақ шаш үшін. 1 ас қасық майсана майы мен сондай мөлшерде зәйтүн немесе кез келген өсімдік майын жарты лимон шырынымен араластырып, басқа жағу керек. Кейін жуып тастайсыз.

7. Майлы шаш үшін. Бірдей мөлшерде бал, қаймақ немесе майонезді, алоэнің шырыны мен лимон шырынын, майсана майы мен езілген сарымсақты қосып араластырыңыз. Бас жуардан жарты сағат бұрын осы қоспаны бас терісіне жағыңыз.
30 қаңтар 2018 ж. 7 710 833

canada drug от 13 шілде 2025 23:46

pharmacy in canada от 19 шілде 2025 21:58

prescription drugs prices от 4 тамыз 2025 17:37

prescriptions canada от 16 тамыз 2025 15:16

order prescriptions от 31 қазан 2025 09:31

drugstore online от 31 қазан 2025 23:45