Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫРА – ӘЙЕЛ СЫМБАТЫН БҰЗАДЫ

СЫРА – ӘЙЕЛ СЫМБАТЫН БҰЗАДЫ

Cөз жоқ, сыра ерлер үшін де, әйелдер үшін де аса зиян, - дейді massaget.kz

Алайда, алкогольді сусынның жойқын әсері нәзік жандылар қауымына тиіп отыр. Сыраны көп ішетін әйелдердің сымбаты ғана бұзылып қоймай, гормоналдық жағдайын өзгеріске түсіреді.

Сыраның құрамындағы фитоэстроген қыз баласының денсаулығы үшін ең жоғарғы қауіпті төндіреді. Аталған зат ағзаға түсісімен гормон теңгерімсіздігіне ұшыратып, соңы бедеулікке соқтырады. Фитоэстроген жүйке жүйесінің бұзылуына да жол ашады. Әйел ашуланшақ, күйгелек, ызақор болып кетеді.

Ал көбікті сусынның салмақты арттыратыны бәріне белгілі. Сыраның бір бөтелкесінде 200-250 килокалория болады. Бұл дегенің толыққанды түскі астың жартысына пара-пар.

Сондай-ақ, негізгі компоненттері (құлмақ, спирт) тәбетті күшейте түседі. Нәтижесінде, қаншалықты мөлшерде тамақ жейтініңізге есеп бере алмай қаласыз. Сол себепті, тамақтану тәртібіңізге жауапкершілікпен қарап, ағзаңызға пайдасы тиетін, сізді сұлу, дені сау ететін сусындарды таңдай біліңіз!

26 тамыз 2019 ж. 508 0