Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қауынның адам денсаулығына пайдасы

Қауынның адам денсаулығына пайдасы

- Қауын тек дәмі тіл үйіретін жеміс қана емес, оның адам денсаулығына пайдалы тұстары өте көп, деп жазады «Массагет» порталы. 

Қауынның адам денсаулығына пайдасы: 

1. Қауын - төмен калориялы жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады. Сондықтан, оны артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеуге кеңес береміз. 

2. Сонымен қатар, ішіңізді жүргізуге де әсер етеді. Егер ішекті зиянды заттардан, қоқыстардан тазалағыңыз келсе, қауын жеңіз. 

3. Кімнің бауыры және қуығы ауырса, сол адамдарға қауын өте пайдалы. 

4. Бүйректен тас пен құм шығарады. 

5. Қандағы гемоглабин мөлшерін көбейтеді. 

6. Ағзаңызды әртүрлі аурудан құтқарып, иммунитетіңізді қатайтады. 

7. Жүрек-қан тамыр ауруларының да алдын алады. 

8. Жүйке жүйесін тыныштандырады. 

9. Жазда шөлге жақсы. 

Ендеше қауыннан дайындалатын сүзбе десертін ұсынамыз. Оны жасау көп уақытыңызды алмайды. 

⏳Ол үшін сізге: 

1 стақан сүзбе; 
1 сәбіз; 
1 тілім қауын (үлкен); 
3 ас қасық қаймақ; 
1 ас қасық бал қажет болады. 

⏳ Дайындалу жолы: 

1. Сүзбені жақсылап шанышқымен үгітіңіз. 
2. Оның үстіне қаймақ қосып, араластырыңыз. 
3. Содан кейін сәбізді тазалап, кішкентай үккіштен өткізіңіз. 
4. Содан соң бал немесе қант қосуды ұмытып кетпеңіз. 
5. Қауын тілімінің қабығын аршып, уақтап турап, сүзбе қоспасына қосыңыз. 
6. Бәрі дайын болған соң өзіңіздің қалауыңыз бойынша әшекейлеп, дастарханға қойыңыз. 

Астарыңыз дәмді болсын!
08 тамыз 2019 ж. 1 148 0