ЖЫРТҚЫШ АҢНЫҢ АДАМНАН АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Эпиопияда бірнеше еркек он екі жасар қызды ұрлап алып кетіп, күйеуге шығуға үгіттепті. Оны қорқытып, үркітіп, ұрып дегендеріне көндіргісі келеді. Осындай қамауда қыз бір аптадай болыпты. Қызды іздестіру жұмыстары жүріп жатады. Бірақ еш нәтиже болмайды. Сол кезде бір ғажайып болыпты. Үш арыстан аңдып тұрып қызды ұрлаушыларға қарсы шғып, қызды қоршап тұрыпты. Олардан қорыққан жігіттер бет-бетіне қаша жөнеліпті. Үш арыстан полиция келгенше қызды қорғап, оны ешкімге тигізбеген екен. Полиция келген кезде арыстандар өз беттеріне кеткен көрінеді. Эпиопияда қыз ұрлаушылар көптеп кездеседі екен. Олар күйеуге тиюге зорлап, ұрып көндіреді, кейде олар қыздарды өлтіріп кететін көрінеді.
Г.ӘЛЖАНОВА