ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН ТҰТЫНУДЫҢ БАСТЫ БЕЛГІЛЕРІ
Нашақорлық-бұл әлеуметтік мәселе ретінде шешілуі мүмкін, бірақ осы мәселемен күресуге барлық қоғам тұтастай тартылуы қажет. Егер ата-ана ұл-қыздарына жеткілікті уақыт және көңіл бөлмесе, есірткінің зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіретін мұғалімдердің барлық күш-жігері зая кетеді.
Есірткі заттарын тұтынудың басты белгілері қандай? Ата- ана неге назар аудару керек:
1. Ол үйден жиі кетіп қалатын болды. Оған қоса мұндай жоғалып кетудің ешқандай себебі жоқ немесе мәнсіз сылтаудың көмегімен себебі табылады. Сіздің уайымыңызды түсіндіргіңіз келуі және Сіздің балаңыздың қайда болғанын сұрастыруыңыз ызаны келтіріп, ашу шақырады.
2. Ол жиі өтірік айтатын болды. Бұл өтірік өзгеше бола бастады. Бала үйде болмаған жағдайда ғана емес, кез келген жағдайда және мектептегі сабағы, үйірмесі және т.б. болсын өтірік айта бастады. Өтіріктері тіпті қарапайым және бірдей немесе керісінше өте мәнерлі және түсініксіз. Сіздің балаңыз өтірікті шынға ұқсатуға тырыспайтын да болды.
3. Аз уақыттың ішінде ғана сіздің балаңыздың (қызыңыздың) араласатын достары түгел өзгеріп кетті. Егер Сіз: “Бұрын ажырамастай жүретін Руслан досың қайда кеткен?”, - деп таңырқап сұраған сұрағыңызға Сіздің балаңыз немқұрайлы қарап, өзі мен Русланның қолының бос еместігіне сілтейді. Балаңыздың жаңа пайда болған достарын Сіз мүлде көрмейсіз немесе олар мүлде қонаққа келмейді, тек есіктен бірдеңені сыбырлап кету үшін «бір секундқа» жүгіріп келеді. Телефонға өте көп «құпия» қоңыраулар мен сөйлесулер пайда болды. Бұған қоса, Сіздің балаңыз кімнің қоңырау соққанын мүлде айтқысы келмейді, ал телефондағы хабарламаның мәтінінде слэнг сөздер болуы мүмкін.
4. Сіздің балаңызды (қызыңызды) отбасы мәселелері мүлде қызықтырмайтын болды. Сіз, мысалы жақындарыңыздың бірінің ауырғаны немесе қиындығын айтсаңыз, ол тек тыңдаған сияқты ғана кейіп танытады. Ал негізінде басқа нәрсені ойлап отырады. Ол мүлде өзгеріп, Сізге суық және сенбейтін «бөтен» болып кетті.
5. Ол мүлде өзгеріп кетті. Көбінесе себепсіз ашуланшақтық, аяқ астынан айғайлау мен шу шығарғыш болып кетті. Сіз оның көңіл-күйінің аяқ астынан және тез өзгеріп кететінін байқадыңыз. Екі минут бұрын көңілді және ақжарқын болып, орынсыз жиі күліп, телефонмен біреумен тез сөйлессе, кешке дейін көңілі түсіп, тек одағайлармен және өте ашулы сөйлейді.
6. Ол өзінің бұрынғы сүйікті істерін ұмытты. Ол кітап та оқымай, мүлде кино да көрмейтін болды. Сіз оның сабақты оқуға және емтиханға дайындалуға да тырыспай, кітапты жәй ғана ұстап отыратынын жиі байқайтын болдыңыз.
7. Оның ұйқысының тәртібі бұзылды. Ол күні бойы оянбай ұйықтап, ал кейде өзінің бөлмесінде түнімен жүретінін және заттарға шалынатынын естисіз.
8. Үйіңізде ақша немесе заттар жоғала бастады. Бұл жағымсыз жағдайлар алғашында сирек болу мүмкін. Дегенмен, бір нәрсені «байқатпай» ұрлап алуотбасында кездеседі.
9. Сізге ол серуеннен кейін үйге келгенде жиі мас жағдайда келетін сияқты көріне бастады. Қозғалыс үйлесімі кішкене бұзылған, көзін көтермейді, Сіздің балаңыз көзін алып қашады және тез өз бөлмесіне кіріп кетеді.
10. Баланың тәбеті мен тамақ жеу әдеті, тамақ ішу уақыты өзгереді: оның қарны ашпай күні бойы ештеңе жемеуі және серуендеп келе салып бірнеше табақ тамақ жеуі де мүмкін. Олар үнемі шөлдеп су ішкісі келіп жүреді.
11. Апиын заттарды және дәріханалық дәрілерді тұтынған жағдайда көздің қарашығы жарықты сезінбейтін және кішкентай болады; сонымен қатар психотроптық заттарды тұтынғанда көздің қарашығы үлкейіп, көздің көлеміндей болып жарықты сезінбейді. Жасөспірімдер көбінесе тұтынған заттарын білдірмеу үшін көздің қарашығын қалыпты жағдайға әкелетін көзге арналған тамшыны қолданғанымен де ол жарықты сезінбейтін болады.
12. Теріде бөртпелер мен тері қышымасы пайда болу мүмкін.
Сіз бәрінен бұрын балаңызға қатысты барлық күдігіңізді салмақты және ақылмен айтыныз. Сіз бәрін ойластырып, отбасымен талқылап және Сіздің балаңыздың мінезінде өзгерген мінез-құлықтың бір ғана емес, барлық белгілері пайда болған жағдайда өзіңіздің күдігіңізді жасөспірімге айтуыңызға болады:
Г. Жаналиева,
ЖШС «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» Сырдария ауданы бойынша маманы.