Сұлулық зертханасы: Бетттегі әжімге қарсы желатин
Желатиннің шебер «косметолог» екенін білесіз бе? Оны протеинді қоспа ретінде сусабындарға қосады, тырнақтың беріктігі үшін де желатинді керектеніп жатады. Ал ең бастысы, желатинді әжімдердің алдын алу үшін пайдаланады. Ол – бет терісі үшін таптырмас косметика. Желатин ұсақ әжімдердеі жазып, теріні жұмсартады және ағартады. Сонымен қатар қан айналымын жақсартады.
Әжімге қарсы желатинді крем
1 толы шай қасық желатинді 0,5 стакан сумен араластырыңыз. Оған 3 ас қасық бал, 0,5 стакан глицерин мен 1 г (пышақтың ұшымен ғана) салицил қышқылын қосыңыз. Қоспа дайындап жатқан ыдысыңызды ыстық суға салып, қоспаңыз тегіс біркелкі болғанша араластырыңыз.
Одан кейін ыдысты судан алып, қоспаны араластыра отырып суытыңыз. Дайын болған кремді күнделікті ұйықтардан 2 сағат бұрын жағыңыз. 20 минуттан кейін кремнің теріге сіңбеген бөлігін сүртіп тастаңыз.
Бір дайындаған крем шамамен 1 айға жетуі керек. Ал оны қақпағы жабылатын ыдысқа салып, тоңазытқыштың үстіңгі сқресінде сақтаңыз. Бетке жағар алдында қажетті мөлшерде ғана алып, жылытып жағыңыз.
Желатиннен жасалған маскалар қайта қалпына келтіретін күшті құрамға ие. Ол қан айналымын реттеп, бет терісінің түсін жақсартады, теріні тартатын эффектке ие, теріні жұмсартып, әжімдерді және пигментті дақтарды жоғалтады.
Теріні жасартатын желатин маскасы2 ас қасық қайнатылған салқын суға 1 шай қасық желатин салып, көтерілгенше (40-60 минут) қоя тұрыңыз. Одан кейін оған 2 шай қасық банан езбесін қосыңыз, араластырып, бетіңізге жағыңыз.
Масканы 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.
Әжімге қарсы желатин маскасы4 ас қасық глицерин, 2 шай қасық бал, 2 шай қасық желатин мен 4 ас қасық суды қосыңыз. Қоспаны отқа қойып (ең төменіне) біркелкі қоймалжың шыққанша үзбей араластырыңыз.
Одан кейін қоспаға тағы 4 ас қасық қайнаған су қосып араластырып, стериленген банкіге құйып, қақпағын жабыңыз. Оны осылай тоңазытқышта сақтауға болады.
Масканы бетке жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуып, крем жағу керек