Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Математиканы қажет етпейтін кездеріміз бар ма? – Зерттеу

Математиканы қажет етпейтін кездеріміз бар ма? – Зерттеу

Біздің өміріміз дәлме-дәл өлшемдермен реттеліп, тәртіпке негізделген. Сондай-ақ дауылдар мен жер сілкінісі секілді құбылыстарды да есептеп, болжау мүмкіндіктері бар екені рас, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.

Чили бұрышы мен шотландиялық орамжапырақтың қайсысы әдемі? Алмаз бен кварцтың қайсысы ауыр? Әлемдегі ең жылдам не?
Таразы біздің физикалық әлемімізді өлшеуге мүмкіндік береді. Заттардың көлемін салыстыру үшін біз сандық мәнді пайдаланамыз. Яғни, қанша, неше деген сұрақтарға жауап аламыз. Дюйм, фут, ярд, миль; литр; секунд, минут, ғасыр мен мыңжылдық – осының барлығы сандық сипатты көрсетеді. Бірақ сапалық масштабты қалай қарастыру керек?
Бұлардың барлығы біздің бақылауымыз арқылы өлшенеді. Оның ішінде біз үнемі тек сандық емес, басқа да ерекшеліктерін ескереміз емес пе?
Сапалық өлшемдер кейде көпшілігіміздің күлкімізді келтіріп жатады. Көбінесе оғаш көрінеді. Бірақ олар да сандық өлшемдер сияқты идеяларды стандарттау мен ерекшеліктерді есептеу үшін өте маңызды саналады.
Мұндай өлшемдер кейде чили бұрышынан бастап мұхит желінің минералды беріктігін өлшеуде қолданылуы мүмкін. Бұл аналық сиыр индексі деп аталады. Кезінде Американың оңтүстік-батысында жердің құнарлылығын сипаттау үшін дәл осы MCI индексі қолданылған. Бұл сол жердің буаз сиырлардың қаншасын асырауға мүмкіндігі жететінін көрсете алады.
Яғни, сапалық масштаб бізге сандық ақпараттан гөрі өзгермелі сипатты танытады. Адам ойына сыймайтын мұндай өлшем бірліктері көбінесе ауызша айтылады. Яғни, бұл өлшемдер гипотеза ретінде немесе эмпирикалық ереже ретінде тез бағалап, салыстыруға мүмкіндік береді.
Дегенмен, сапалық масштабтың пайдалы екені күннен күнге дәлелдене түсуде. Мұндай өлшемдерсіз біз бір жеріміз ауырса да түсіндіріп бере алмаймыз. Мысалы, дәрігер қай жерің қалай ауырып тұрғанын сұраса да, жауап беру үшін сапалық өлшем қажет етіледі. Ал ауа райының қай деңгейде екенін көрсету үшін де Бофорт шкаласы сияқты сапалық өлшем қолданылады.
Тіпті, біздің заманымызға дейін, біздің заманымыздан кейін деген секілді дәуір өлшемдері де осы сапалық индекстерге жатады. Ал градус өлшемдерін немесе магнит өлшемдері арқылы біз қай жерде тұрғанымызды бағдарлаймыз.
Әрине, сандық шкаланы бағалау оңайырақ. Себебі олар белгілі стандарттармен тиімді өлшенеді. Шаршы километр, шай қасық қант немесе бір сағаттық лекция – негізінен көп өзгере бермейтін өлшемдер нақтырақ келеді. Ал сапалық өлшемдер субъективті сипатта болады. Дегенмен де, сандық өлшемдер де, сапалық өлшемдер де 100% нақты әрі дұрыс деп ешкім айта алмайды.
Дегенмен, адамзат сандық бағалау мен салыстырмалы сипаттарды жақсы көреді. Сол себепті біз әлемде үнемі жаңа тәжірибе мен ізденістерге куә болып келе жатырмыз.
1805 жылы ирландиялық гидрограф контр-адмирал сэр Фрэнсис Бофорт теңіз самалын нақты өлшегісі келеді. Күн сайын ол HMS Woolwich кемесінде күндізгі жел мен теңіз жағдайы туралы мәліметтерді жазып алып отырады. Оның ішінде теңіздің тыныш кезін де, қатты дауылдарды да ескереді. Бүгінде «Бофорт 0» индексі теңіздің тыныш екенін көрсетуде қолданылса, «Бофорт 12» ұғымы қатты толқын менжелдің күшейгенін, көру мүмкіндігінің кемігенін таныту үшін қолданылады.
Бұл екі шеткі мәннің ортасында жеңіл самал, қалыпты самал деген секілді ұғымдар бар. Яғни, Бофорт ең алғашқы сапалық өлшемнің негізін қалады деуге болады. Бұл жерде ұғымдар реттілігі түсінікті болғанымен, олардың арасындағы нақты шектің қай жерде екені белгісіз күйінде қалып отырады.
Сапалық масштабты екі түрлі категорияға жатқызуға болады. Біріншіден, қарапайым өлшем – белгілі бір мәні бар өлшем. Екіншіден, интервалды өлшем – белгілі бір тәртіппен жүретін бірақ екі мән арасындағы айырмашылық байқалмайтын өлшем. Мысалы, жер сілкінісін Рихтердің 6.0 шкаласымен өлшесек, басқа жерде ол 3.0болуы мүмкін. Яғни, жер сілкінісінің реттілігі мен өлшемі маңызға ие болып, интервал да есепке алынады. Ал Рихтер шкаласы интервалды шкалаға айналады.
Ал белгілі бір топтағы жаңа маман мен сарапшы деген ұғымдар ординалды қарапайым өлшемге жатады. Себебі жаңадан келген адам мен сарапшының арасында қандай айырмашылық барын нақты ешкім білмейді. Яғни, бір топтың қай жерде аяқталып, екінші топқа қай кезде өтетіні белгісіз. Бұлардың айырмашылығы – қарапайым шкала заттарды ажыратуға мүмкіндік берсе, олардың арасындағы өзгешелікті интервалды өлшем көрсетеді.
Негізінен, біздің физикалық әлемді өлшеуіміз дұрыс болғанымен, физикалық әлемді қабылдауымыз әртүрлі екені рас. «Біз өлшейтін заттар да бар, өлшемді қолдана алмайтын кездеріміз де жетерлік. Дегенмен, өлшем жасағанда да біз оны белгілі бір деңгейде ғана істей аламыз», дейді Ұлыбританиядағы Ұлттық физикалық зертхананың (NPL) аға ғылыми қызметкері Эндрю Хэнсон.
Хэнсон жұмсақ метрология саласында жұмыс істейді. Яғни, ол сенсорлы масштабқа қатысты өлшемдерді зерттейді. Мұндай өлшемдерге түс, жарық секілді сандық емес, субъективті өлшемдер жатады. Адамдар ультракүлгін сәулені немесе инфрақызыл жарықты көре алмайды. Бірақ белгілі бір спектрде ол адамнан адамға басқаша жетеді. Хэнсон сол секілді ерекшеліктерді зерттейді.
«Шкала заңды сипатқа енуі үшін әр адам онымен келісуі керек. Дегенмен, сапалық масштабтардың математикалық немесе сызықтық болмайтынына қарамастан, бүгінде ол халықаралық мәнге ие болып келе жатыр», дейді Хэнсон.
Енді Scoville шкаласын қарастырып көрейік. Ол америкалық фармацевт Уилбер Сковильдің құрметіне аталған. Бұл индекс дәрі құрамындағы дәмдеуіштердің нақты санын емес, қажетті мөлшерін көрсетеді.
Мамандардың айтуынша, мұндай индекс алкогольді ішімдіктер құрамын көрсеткенде де пайдаланылады. Яғни, ол ішімдік құрамындағы нақты сандық мөлшерді емес. Оның сапалық мәнін көрсетеді.
Лорд Кельвин атты маманның айтуынша, санды өлшей алмағанда біздің біліміміз таязданып, айызымыз қанбайды. «Дәл осындай сәттерде бізге сапалық өлшемдер көмекке келе алады», дейді ол.
Адамзаттың кез келген қызметінде сапалық және сандық өлшемдер бар.
«Өлшем – белгісз дүниені белгілі мәндермен салыстыру. Дәл өлшем ғылымды дамытуға мүмкіндік береді. Сол арқылы шығынды азайтуға болады. Инженерия мен денсаулық сақтау саласы секілді қажетті жерлерде нақтылықты арттыруға мүмкіндік туғызады. Уақыт өте келе біз бір жеріміз ауырса да, оны санмен айтуға болатын, идеяны санмен сипаттауға мүмкін болатын кезде жетеміз. Тіпті, бақыттың өзін нақты өлшеп, сапалық сипаттардың, сапалық өлшемдердің барлығын сандық өлшемге келтіретін боламыз», дейді Хэнсон. Ал оғанға дейін өлшемдер идеяларды деректендіруге мүмкіндік беретін болады.
Ағылшын тілінен аударған
Алтынай Қуанышбек

29 шілде 2018 ж. 831 0