Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев

Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі лауазымына Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы тағайындалды.

Ергешбаев Мұрат Нәл­қожаұлы Қызылорда облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жанындағы Мем­лекеттік қызмет академия­сын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданының Жамбыл ауылында экономист болып бастаған. Аудандық өнер­кәсіптік бірлестігінде, қаржы құрылымдарында бас­шылық қызмет атқарған.

Қызылорда облысы әкімі орынбасарының кеңес­шісі, облыстық еңбек, жұмыс­пен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, қалалық қаржы бөлімінің бастығы, ҚР Төтенше жағ­дайлар министрлігі «Өрт сөндіруші» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болған.

Қызылорда қаласының әкімі, облыстық қаржы бас­қармасының бастығы, Қар­мақшы ауданының әкімі, Шиелі ауданының әкімі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы тұтынушылардың құқық­тарын қорғау депар­таменті бас­шысының орынбасары, «ҚазАгроӨнім» АҚ аппарат басшысы, об­лыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қар­ма­сының басшысы, Қазалы ауда­нының әкімі, Сыр­дария ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2023 жылы ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің VІІІ шақы­рылымына Қызылорда облысының атынан депутат болып сайланды.
09 мамыр 2026 ж. 127 0