Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

№ 5 газет

21 қаңтар 2026 ж.

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Тың бастамалар жүзеге аса бермек

Тың бастамалар жүзеге аса бермек

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында еліміздің бо­лашағын айқындайтын ең маңызды мәселелер қа­рал­ды. Әділетті, қуатты, қауіп­сіз әрі таза Қазақ­станның тұғырын одан әрі нығайту, заман талабына сай бейім­­делу мақсатында іске аса­тын парламенттік ре­форма аясында Ата Заңы­мыздағы өзгерістер ау­қымды болмақ.

Бұл реформа жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар болатыны айтылды. Әрине бұл өзгерістер бүкілхалықтық референдумда қолдау тапқанда орын алады. Мемлекеттік билік реформалары бір палаталы парламент-құрылтайға көшу, халық кеңесін құру, вице-президент лауазымын енгізу биліктің әлеуетін арттырып, мемлекетіміздің дамуына серпін беретін болады.

Құрылтай жиынында еліміздің әлеуметтік – эко­номикалық, саяси, мәдени дамуына қатысты бағыт-бағдар айқындалып, құзырлы органдарға нақ­ты тапсырмалар берілді. Ұлттық құрылтайдың V қо­рытынды оты­рысына құрылтай мүшелерімен бірге, бір топ Сыр өңірінің азаматы қатысып, мемлекеттік наградалар алды. Бұл бүгінде қарыштап дамып, өзге өңірлерге үлгі болып жатқан Қызылорда облысына деген Мемлекет басшысының құрметі деп білеміз. Кейінгі кездері Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп, өркендеп жатқанын айтқан Мемлекет басшысы «Мен Сыр елі жұртшылығы бойы­нан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқор­лық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты кө­ремін» деп ерекше тоқталды. Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухана құрылысы басталды, көп ұзамай Пре­зидент тапсырмасына орай 500 орындық емхана, 200 орындық перзентхана салынатын бо­лады. Жос­парланған автомобиль жолдары, түр­лі ны­сан­дар іске қосылғанда облыс әлеуеті әлде­қайда артып өңіріміз өркендей түседі. Ел игілігі жолындағы жаңашыл бастамаларға ұйытқы болып, алға жетелеп, халық алғысына бөленіп жүрген облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлына да ризашылығымызды білдіреміз. Ал мен үшін ең әсерлі сәт Ұлттық құрылтайда Президент қолынан «Парасат» орденімен мара­патталуым болды. Бұл марапат менің қоғам ал­дын­дағы жауапкершілігімді еселей түседі. Мем­лекет басшысына үлкен құрметіміз бен шынайы ықы­ласымызды білдіреміз.

Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, баянды болсын!

Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
Қызылорда қалалық
мәслихат төрағасы
24 қаңтар 2026 ж. 58 0