Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандай дәрумендер шаш түсуінен сақтайды

Қандай дәрумендер шаш түсуінен сақтайды

Шаштың көп түсуі – адам ағзасындағы ішкі өзгерістердің немесе сыртқы факторлардың белгісіболып табылады. Шаштың түсуінен қорғайтын бірнеше дәрумендер бар.

Шаштың түсуіне жиі әсер ететін дәрумендер мен минералдар жетіспеушілігін анықтау үшін мынадай анализдерді тапсыру ұсынылады.

Ферритин (темір қоры) – ең жиі себептердің бірі. Темір жетіспеушілігі анемия болмаса да шаштың түсуіне әсер етеді. Витамин D – төмен деңгейі шаштың жұқаруы мен түсуіне әкеледі. B12 дәрумені – жүйке жүйесі мен қан айналымы арқылы шаштың өсуіне ықпал етеді. Цинк (мырыш) – шаш құрылымын нығайтады. Қалқанша без гормондары (TSH, T3, T4) – гормоналды бұзылыс шаштың түсуіне тікелей әсер етеді. Биотин (B7) – шаш пен тырнақтың саулығына жауапты. Бұл талдауларды трихолог немесе терапевт дәрігерінің кеңесімен тапсыру қажет. Шаш күтімінің негізгі қағидаларыНе істеу керек: Сульфатсыз, жұмсақ сусабын таңдаңыз. Шашты тым ыстық суда жумаңыз, бұл шаштың майлы балансын бұзады. Аптасына 1–2 рет шашқа маска жасаңыз (табиғи майлар: арган, жожоба, кокос, репей майы жақсы әсер береді). Шашты сулықпен сүртпеу, оның орнына жұмсақ сүлгімен ақырын кептіру. Шашты ыстық фенмен жиі кептірмеу, табиғи түрде құрғату – ең пайдалы жолы болып табылады. 
15 қаңтар 2026 ж. 31 0