Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ұлттық ұлан – ел тыныштығының тірегі

Ұлттық ұлан – ел тыныштығының тірегі

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына биыл – 34 жыл толып отыр. 1992 жылы құрылған Ұлттық ұлан аз уақыт ішінде мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қоғамдық тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқаратын әскери құрылым ретінде қалыптасты.Ұлттық ұлан – бұл тек әскери құрылым ғана емес, бұл – ел тыныштығын күзеткен сенім, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына қарасты Қызылорда қаласы бойынша 5547 әскери бөлімі күнделікті қызмет барысында жоғары тәртіп, кәсіби дайындық пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсетуде. Қоғамдық тәртіпті сақтау, стратегиялық маңызды нысандарды күзету, төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты қорғап, өздеріне жүктелген жауапты міндеттерді абыроймен атқаруда.

5547 әскери бөлімінің командирі, подполковник Жасұлан Беркенов – өз ісінің шебері, жоғары әскери тәртіптің, отансүйгіштіктің және батырлықтың үлгісі. Командирдің өмірі мен қызметі жастар үшін өнеге.

Жасұлан Нұрланұлының әскери жолы – ерлік пен қызметке деген адалдықтың, қиындыққа төзімділіктің жарқын мысалы. Тәуелсіз Қазақстан әскерінде соның ішінде бірқатар әскери бөлімдерде түрлі лауазымдарда қызмет атқарып келеді. Оның қызметі әрдайым жаңа идеялармен, жаңашылдықпен және өз мамандығына деген терең сүйіспеншілікпен ерекшеленді. 

5547 әскери бөлімі мерекені кең көлемде атап өтті. Бұл іс-шара бөлімнің жеке құрамы үшін ерекше маңызды күн болды. Яғни мереке күні еліміздің қауіпсіздігіне адал қызмет етіп жүрген сарбаздар мен офицерлердің еңбегі дәріптелді.

Мерекелік іс-шараға бөлім командирі подполковник Жасұлан Беркенов, командирдің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Берік Караманов, ардагерлер және жеке құрам қатысты. Іс-шара барысында бөлімнің жетістіктері мен сарбаздардың кәсіби дайындығы туралы баяндалды. Сондай-ақ еңбегі үшін бөлімнің үздік қызметкерлері арнайы грамотамен және алғыс хатпен марапатталды.

Командир полковник Жасұлан Беркенов өзінің құттықтау сөзінде:

– «Ұлттық ұлан – бұл тек әскери құрылым ғана емес, бұл – ел тыныштығының, тұрақтылығының тірегі. Біз әрдайым Қазақстан халқына адал қызмет етеміз», – деді.

Подполковник Берік Караманов өз кезегінде жеке құрамға әлеуметтік қолдау, құқықтық тәртіп және тәрбие жұмыстарының маңыздылығына тоқталды. Сарбаздарға сапалы дайындық пен тәртіпке ерекше көңіл бөлудің маңызын атап өтті.

Берік Азаматұлының қызметі тек әскери қызметшілердің әскери міндеттерін орындаумен ғана шектелмейді. Ол бөлімдегі тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген инновациялық жобаларды енгізген. Оның бастамасымен жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, кәсіби дайындықты жетілдіру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Берік Азаматұлының жетекшілігімен бөлімде сарбаздар мен офицерлердің құқықтары мен міндеттерін сақтауға және олардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламалар іске асырылуда.

Мереке аясында бөлімнің жеке құрамы көрнекі құралдармен жабдықталған залдарды аралап, қызметтік дайындық бойынша көрсетілімдер мен жаттығулар өткізді. Бұл іс-шаралар сарбаздардың кәсіби дағдыларын шыңдаумен қатар, әскери тәртіп пен бірлік сезімін күшейтті.

Ұлттық ұлан күнін атап өту – тек өткен жетістіктерді бағалау ғана емес, болашаққа деген сенімділік пен ұлтқа адал қызметтің тағы бір айғағы болды.

Фатима Маратқызы
ТжӘҚЖ бөлімшесі бастығының
аға көмекшісі
( мемлекеттік тілді
енгізу жөніндегі)


09 қаңтар 2026 ж. 789 0