Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапасына тұрақты бақылау жүргізеді. Бұл жұмыс қызмет көрсету процесіндегі кемшіліктерді дер кезінде анықтап, бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.Департамент талдау және мониторинг нәтижелері негізінде қызмет беруші органдарға нақты ұсыныстар әзірлейді. Бағалау үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
мемлекеттікқызметкөрсетупроцесінқұқықтықреттеу; мемлекеттікқызметтердіавтоматтандыружәнетехникалықмүмкіндіктер; мемлекеттікқызметкөрсетуүдерістерінжетілдіру.
Агенттіктің әдістемелік ұсынымдарына сүйене отырып, Департамент әр тоқсан сайын мемлекеттік қызметтерді жақсартуға қатысты ұсыныстар тізілімін қалыптастырып, оларды іске асыру үшін Агенттікке жолдайды.
Осындай жұмыстардың бір сәтті мысалы – «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актіге енгізілген өзгерістер.
Департамент мемлекеттік органдарға жоспарлы тексеру жәнеазаматтардың шағымдарын қарау барысында жоспардан тыс тексеру жұмыстарының нәтижесінде осы қызметтің нормативтік құқықтық актісіндегі проблемалық мәселелерді анықтаған болатын.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, бұл қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет қағаз жүзінде немесе egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдіктері қағаз өтініштерді «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі немесе kyzmet.qujat.gov.kz электрондық құжат айналымы арқылы тіркеген кезде бизнес-процестерді сақтамай, нәтижені дер кезінде бермеу фактілері жиі кездескен.
Яғни, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдіктерімен «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету Қағида талаптарында көзделмегендіктен, әкімдіктер өздерінің функциялары ретінде осы мемлекеттік қызмет түрін көрсетіп келген.
Осының салдарынан мемлекеттік қызметті көрсету барысында мерзім бұзушылықтар мен бюрократиялық кедергілер туындаған.
Осы олқылықтарды жою үшін Департаментпен Агенттіккеұсыныс жолданды. Ұсыныста көрсетілетін қызмет берушілер тізіміне кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерінқосу қарастырылды.
Бұл ұсыныстар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің толық қолдауына ие болып, Қағидаларға тиісті өзгерістер енгізілді. Бүгінгі күні бұл өзгеріс қызмет көрсету процесін жеңілдетіп, азаматтарға қолайлы жағдай жасады.
Департамент мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын әрі қарай жалғастыра бермек.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің
Мемлекеттікқызметтер
көрсету басқармасы










