Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Динара Закиева балаларға қатысты қылмыстардың азайғанын мәлімдеді

Динара Закиева балаларға қатысты қылмыстардың азайғанын мәлімдеді

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева 2025 жылғы 7 қазанда екі жыл бұрын мемлекет басшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске алып, осы уақыт ішінде қандай жұмыстар атқарылғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, осыған дейін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тұтас жүйені қалыптастыру үшін қажетті заңдар, бағдарламалар мен қаулылар қабылданды.

"Қазір әкімдіктер құрылымында Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары, отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар құрылып, қорғаншылық органдарының қызметкерлері саны артып келеді.
Мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылып, мектептерде QR 111 жүйесі арқылы балалармен тікелей байланыс орнату тәсілі енгізілді. Бүгінгі басты міндет – қабылданған барлық шараларды сапалы жүзеге асыру. Осы бағытта Мемлекеттік кеңесші Е.Т. Қариннің жетекшілігімен мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлескен ауқымды жұмыс жүргізілуде",- деп жазды ол.

Балалар обдусмені аймақтарда осы шараларды іске асыру барысында олар шешімді қажет ететін жүйелі мәселелермен қатар, қысқа уақыт аралығында орын алған оң өзгерістерді де көретіндігін атап өтті.

"Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар саны 18%-ға азайды, ал тек өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қалдырылған педофилия фактілері 24%-ға төмендеді. "Адам өлтіру" және "Ауыр зиян келтіріп, өлімге әкелген" баптар бойынша қылмыстар саны сәйкесінше 22%-ға және 50%-ға азайды. Балаларға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстардың азаюы – қабылданған шаралардың тиімділігінің айғағы. Алайда әр статистикалық көрсеткіштің артында – бір баланың тағдыры тұр. Біздің мақсатымыз – әр баланың өмірі үшін күресу, мұндай қылмыстардың болмауы үшін барлық күш-жігерімізді салу".
07 қазан 2025 ж. 174 0