Жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін жаңа алгерь салынуда

«Президент саябағында 5 млрд. теңгеге Ботаникалық білім беру орталығының (қысқы бақ) ғимараты салынуда. Ғимараттың ауданы 3 420 шаршы метр, онда жас жеткіншектердің ой-өрісін кеңейтуге, өсімдіктердің экожүйедегі маңызын түсіндіруге мүмкіндік жасалады. Жасыл екпелерді өсірудің ерекшеліктерін тәжірибе түрінде үйретіп, табиғатты аялауға баулиды», – деді аймақ басшысы.
Еске салайық, жас ұрпаққа қосымша білім беру жүйесін дамыту мақсатында 11 млрд. теңгеге балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» академиясы, 3 млрд. теңгеден астам қаржыға Жаңақорған, Жалағаш, Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Өнер мектептері салынып, зияткер жас ұрпақты қалыптастыруға қызмет етуде.
Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 млрд. 500 млн теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы ашылды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі