Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бакуде Әзербайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығы ашылды

Бакуде Әзербайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығы ашылды

Utebayev University Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова Баку жоғары мұнай мектебіне барып, Әзербайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл орталық оқу орындарының одан ары дамуына, кең бейінді ғылыми зерттеулер жүргізуіне, бірлескен ғылыми форум, конференция, семинарлар өткізу саласындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жол ашады.

Әзербайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығының мақсаты – ғылыми зерттеулер мен технологиялық прогресс арқылы тұрақты тәжірибелерді енгізу және қоршаған ортаны сақтауда ынтымақтастық орнату.

Бұл орталықтың тағы бір артықшылығы – экологиялық мәселелерді шешуге, тұрақты тәжірибелерді енгізуге және студенттер мен жас мамандардың біліктілігін арттыруға көмектеседі. Жастарды осы орталыққа тарта отырып, біз өскелең ұрпақтың тұрақты даму және климаттың өзгеруіне қарсы жұмысты жалғастыруларына қолдау көрсетеміз, - дейді ректор Гүлзада Шакуликова.

Орталық Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеуге, көмірсутек секторындағы көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтудың инновациялық әдістерін әзірлеуге және мұнай-газ саласындағы процестерді оңтайландыру үшін озық цифрлық шешімдер қабылдауға септігін тигізеді.

Сондай-ақ студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін ұсына отырып, академиялық ұтқырлықты дамытады.
08 шілде 2024 ж. 323 1

Verlene от 9 маусым 2025 08:10
Whoa lots of good information! casino en ligne You mentioned that fantastically. meilleur casino en ligne Regards, Lots of postings! casino en ligne France Nicely put, Regards! casino en ligne You actually reported this terrifically! casino en ligne Very good content, Cheers! casino en ligne France Thank you. Plenty of tips! meilleur casino en ligne Thanks a lot. Valuable information. casino en ligne France Amazing many of very good advice! casino en ligne francais Amazing write ups Cheers! casino en ligne