Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су тасқыны: Қанат Шарлапаев БҚО-дағы құрылыс нысандарына барды

Су тасқыны: Қанат Шарлапаев БҚО-дағы құрылыс нысандарына барды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы нысандарын аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында құрылысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған.

Ағымдағы мәлімет бойынша, Қаратөбе ауданында 97 үй зардап шексе, оның 90 үйі тұруға жарамсыз, 7 үй жөндеуді қажет етеді. Құрылыс сатысында 90 үй, 72 – жаңа алаңда, 18 – бұрынғы телімдерде.

Сырым ауданында 257 үй зардап шекті: 114-і тұруға жарамсыз, 149-ы жөндеуді қажет етті. 114 үй құрылыс сатысында, оның 51-і – жаңа телімдерде, 63-і – бұрынғы телімдерде.

Теректі ауданында 45 үй зардап шеккен, 23-і –жарамсыз, 21-і – жөндеуді қажет етеді, 1-і сатып алынған. Жаңа алаңдарда құрылыс сатысындағы 18 үй бар.

Нысандарды тексеру барысында Қанат Шарлапаев алаңдарды құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.
02 маусым 2024 ж. 293 0