Антикор алаңында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылуы талқыланды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұ.С.Саркуловтың төрағалығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылуы мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.
Кеңеске өңірлік Антикор басшысы Е.Мақажанов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары А.Зебешев, облыстық құрылыс және білім басқармаларының басшылары, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның облыстық филиал директоры Е.Қонақбаев, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздық қатысты.
Жиын барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Samruk-Kazyna Construction» басшылығы күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.
Агенттік басшылығымен аталған жобаға байланысты тиісті тапсырмалар берілді.
Қызылорда облысы бойынша 2024-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу қарастырылған.
Алдағы уақытта жобаны іске асыру бойынша бірлескен жұмыстар атқарылатын болады.