Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Зекет – бар жақсылықтың бастауы

Зекет – бар жақсылықтың бастауы

Адамның айналасына жақсылық жасай алуы – сауабы мол іс сана­латыны жасырын емес. Ізгілік пен мейірімділікке үндейтін ислам­ дінінде зекет беру – мұсылманның бес парызының бірі ретінде қарастырылған. Негізінен, мұсылмандықтың төртінші шартын  орындаудың өзіндік мәні бар. Мәселен, қоғам өміріндегі мұқтаж жандарға берілетін міндетті садақаны зекет деп атайды.

Қасиетті Рамазан айында зекет парызын орындайтын­ жандар көптеп кездеседі. Жақ­сы­лық амалды жасайтын мұ­сылман қа­­уым өзіндегі барды адам­дар­ға үйлестіріп береді. Қа­йы­­рымды жандардың ізгілікке то­лы ісінде мұсылманшыл­дық­тың негізгі белгілері көрініс табады. Зекет берген бай-қуатты жан­дар барынша рухани тұр­ғыдан тазаруға мүмкіндік алады. Асылында, зекет бе­рудің өзіндік мөлшері қалыптасқан. Ал зекетке бері­летін дүние қата­рына алтын-күміс, төрт түлік мал, ақша, сауда-саттық тауа­ры жатқызылады. Анығын айт­қанда, зекетке толатын мөлшерді «нисап» ретінде атаған екен. Әрине, «нисап» жасауға ұмты­латын жандар Алла Тағаланың мейірім-шапағатына бөленетіне кәміл сенеміз.

– Қайырымдылыққа ұмтыл­ған жамағат зекеттің басты шарттарын білгені абзал. Жұрт­шылық зе­кетті 8 түрлі кісіге бе­рілетіндігін қаперінде сақта дейміз. Қарызын төлеуге шамасы кел­мейтін кісілерге, кедейлерге, міс­кіндерге, үйіне жете ал­май жол­да қалған кісі секіл­ді бір­неше тармаққа бөлі­не­ді. Асыл дінімізде зекет бе­рудің адамға тигі­зер пайдасы көр­се­тілген. Зекет­тен туындайтын ғи­ба­датқа Алла Тағаланың берген байлық нығметіне шүкірлік қылу саналады. Қайырымдылыққа себепкер болған адам әрқашан қолындағы байлықтың Алла Тағала тарапынан берілген жақ­­сылық екенін түсіне алғаны ғибрат. Аталған амалды жасау­ арқылы қоғамдағы ұрлық, ал­дау, адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттен арыла аламыз. Сонымен бірге зекет ауру-сырқаудан, пәле-жаладан, апаттан, байлықтың құрып кетуі­нен сақтайды, – дейді аудандық мұсылмандар мешіттің бас имамы Асхат Асқарұлы.

Бірде ардақты Пайғамбары­мыздың (с.ғ.с.) отбасы қой сойып, оның етін садақа ретінде таратады. Сол кезде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Қойдың қанша бөлігі қалды?» – деп сұрағанда, Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Қойдың бір қолынан басқа ештеңе қалмады», – деп жауап береді. Сонда ардақ­ты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қойдың бір қолынан басқасы­ның бәрі бізге қалды»,– деп айтсайшы деген сөзін арнаған. Осылайша берілген садақаның зая кетпей, керісінше өздеріне сауап болып жазылатындығын өсиет еткен. Сондықтан адам баласының берген зекеті мен садақасының міндетті түрде еселенген қайырымы болады.
                                                                                                                                                             
Балтабай ОРДАБЕКОВ
15 сәуір 2023 ж. 211 0