Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » 45 жастан кейін жиі жеуге болмайтын тағамдар аталды

45 жастан кейін жиі жеуге болмайтын тағамдар аталды

Ет, ірімшік пен жұмыртқаны шамадан тыс тұтыну 45 жастан асқан адамдарды инсультке шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы клиникалық зертханалық диагностика дәрігері Александр Карасев айтты.

Дәрігер аптасына екі реттен артық қызыл ет жемеуге шақырды, оның мөлшері 150 грамнан аспауы керек.

Карасевтің айтуынша, кейбір бактериялар жоғарыда аталған өнімдерден өте улы қоспа жасап шығарады.

"Ол триметиламин деп аталады. Біздің бауырымыз одан арылуға тырысады, оны қышқылдандырады, қоспаға ТМАО деген атау берілген. Ол эндотелийге тікелей зиян келтіреді", - деп түсіндірді дәрігер.

Карасев эндотелий зақымданса, глюкоза ауытқып, атеросклеротикалық түйіншектер пайда болатынын атап өтті.

Кедір-бұдыр атеросклеротикалық түйіншектердің айналасында қанның турбулентті қозғалысы басталып, тромбоз (қан ұю) пайда болады, ал бұл инфаркт пен инсультке әкеп соқтырады.

02 мамыр 2021 ж. 438 0