Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өтіп кет, қайным...

Өтіп кет, қайным...

Аналар тақырыбында қалам тербеген жазушы Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романында мынадай бір дерек келтірілген:
"Ұлпан үлкендерге бұрылып сәлем берді. Шынар да соны істеді, ұялыңқырап, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем берді».
Бұл мысал «Ұят - беттің пердесі» деп Майлықожа ақын жырлағандай, қазақ әйелінің бойындағы ізгілік оның инабаттылығымен өлшенетіндігін, қазақ аналарының арын жанының садағасына балаған, арлы, ибалы болғандығын айқын аңғартады.
Ал жазушы Қабдеш Жұмаділовтің "Бақыт жолында" деп аталатын романында қазақ әйелінің жарқын бейнесі былайша сомдалған:
"...Жәнібек елең етіп қарап еді, бір келіншек пен жастау қыз бастаудан су әкеле жатыр екен. Солар өтіп кетсін деп сәл аялдады. Бірақ аналар орнынан қозғалар емес, тосып тұр.
Бұл ештеңеге түсінбей аңырып беттеріне қарады.
- Өтіп кет, қайным, - деді келіншек, - Жолыңды кеспейік деп әдейі тұрмыз..." (Қ.Жұмаділов. Бақыт жолында). Бұл мысалдар қазақ әйелінің тәрбие көрген тектілігін, шариғаттан аттамаған естілігін көрсетсе керек...
Ғаламтор көзінен алынды 

07 маусым 2020 ж. 757 0