Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кредит кешіріліп жатқаны рас па?

Кредит кешіріліп жатқаны рас па?

Әлеуметтік желілерде несиенің кешірілетініне қатысты ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз, - деп жауап берді агенттік.

Қазіргі таңда елімізде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та тіпті кейбір азаматтар “өтініш жазып беремін” деп қызметтеріне қосымша ақы сұрап жатқанын айтты.

Несие кешіріліп жатқан жоқ. Қазіргі уақытта жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң ғана бар. Оның да өзіндік шарттары бар, - деді депутат.

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын сала кетейік.

12 қаңтар 2026 ж. 360 0