Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда айналымы 2 млрд доллар болды

Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда айналымы 2 млрд доллар болды

Былтыр Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда айналымы 65% өскен. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан-Сингапур бизнес-форумынын ашылуында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сауда-экономикалық әріптестік біздің қарым-қатынасымыздың өзегі болып отыр. Сингапур – Қазақстан үшін ASEAN аймағындағы ең ірі сауда-инвестициялық әріптестердің бірі. Былтыр арадағы сауда айналымы 65% өсіп, 2 млрд доллар болды. Сондай-ақ, кейінгі жылдары бұл елден тартылған инвестиция көлемі 6 есе өсіп отыр. Қазақстанда осы елмен бірлескен 230-дан астам компания жұмыс істеп тұр», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы арадағы экономикалық байланысты арттыратын жолдар әлі де көп екенін атады.

«Сингапурлық ірі компаниялар Қазақстандағы қызмет аясын кеңейтіп жатқанынане өте қуаныштымын. «Surbana Jurong» компаниясына Алматы облысында G4 City атты өршіл жобаны іске асыруда табысты әріптестік орнатқаны үшін алғыс айтқым келеді. Жобаның мақсаты - G4 City арнайы экономикалық аймағын Қазақстандағы ең ірі инвестициялық орталыққа айналдыру. Сондай-ақ, PCА International компаниясына жасалған келісім үшін алғыс айтқым келеді. Біз бұл кәсіпорынмен жүк тасымалы саласында бірлескен кәсіпорын құруға ынталымыз. Сонымен бірге біз Indorama Corporation Pte компаниясымен әріптестік орнатып отырмыз», - деді Премьер-Министр.
22 мамыр 2023 ж. 205 0