Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әлихан Смайылов Қазақстанға келген халықаралық компанияларды атады

Әлихан Смайылов Қазақстанға келген халықаралық компанияларды атады

Мәжіліс отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ресейден көшірілетін халықаралық компаниялар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Министрдің айтуынша, Қазақстан билігі Ресейден қоныс аударуға дайын компаниялардың тізімін жасаған. 

«Олармен Қазақстандағы жұмыс мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда олардың 56 компаниясы жұмыс істеуге, кеңселерін Қазақстанға көшіруге ниет білдірді. Қазір біз олармен қоныс аудару шарттары, уақыты мен орны бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз», деді Әлихан Смайылов.

Қазіргі таңда кейбір компаниялар оң шешім қабылдап, кеңселерін көшіре бастаған. Бұл Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni және т.б. халықаралық компаниялар. Тойота компаниясымен келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Сондай-ақ Премьер-Министр компаниялардың Ресей экономикасынан кету туралы шешімі санкциялармен байланысты екенін атап өтті. 
19 қазан 2022 ж. 313 0