«Қорға біркүндік жалақы аударуды доғару керек» – экономист
Экономист, «Қазақстан халқына» қоры қамқоршылар кеңесінің мүшесі Олжас Құдайбергенов қорға бір күндік жалақыны аударуға қатысты пікір білдірді.
«Қазір әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер мен жеке компаниялар қорға бір күндік жалақыларын аударуда. Қор мұндай мақсаттарға арналмаған. «Қазақстан халқына» қоры өз кезегінде салықтан жалтарған, қаржысын шет елге шығарған жандарға азаматтық борышын өтеу үшін ашық болуы керек. Сонымен қатар табысы заңдастырылған қалталы азаматтар мен компаниялар да артық қаржысын аудара алады. Әрине, қарапайым тұрғындарға да аз соманы жіберуге болады. Алайда бір күндік жалақы аудару науқанын доғарған жөн», – деді экономист.
Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Қор негізінен денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік қолдау саласында нақты проблемаларды шешумен айналысады. Сондай-ақ қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасыларына көмек көрсетеді.
«Қазақстан халқына» қорының реквизиттері:
– ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан халық банкі» АҚ;
– ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ.