Сұрапыл тайфун төніп келеді
ТОКИО. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні таңертең Токиоға сұрапыл тайфун келді. 30-дан астам адам жарақат алды. Ел астанасының ірі темір жол операторлары жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO-ға сілтеме жасап.
Шамамен таңғы 5-те Факсай тайфуны Тиба қаласының аумағына келіп жеткендіктен, East Japan Railway Co. компаниясы Үлкен Токио ауданындағы қозғалысын тоқтатты. Темір жолдар тексерістен өткеннен кейін JR East компаниясы сағат 10-ға қарай жұмысын қайта бастайтын болады.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарламасына сәйкес, Тиба префектурасының Татеяма қаласында және жақын маңдағы өңірлерде оннан астам, ал Тибада 10 адам жарақат алған. Канагава префектурасында тағы да 5 адам жараланған.
Бұл маусымдағы 15-ші тайфун Ибараки префектурасының Мито қаласынан секундына 30 шақырым жылдамдықпен таңғы 8-ге қарай оңтүстік-батысқа жылжыды. Жапониялық метеорологиялық агенттіктің мәліметінше, тайфунның ортасындағы атмосфералық қысым 960гПа (гектопаскаль) құрады, ал желдің жылдамдығы сағатына 216 шақырым болды. Метеоқызмет қатты жауын-шашыннан кейін сел көшкінінің немесе су тасқынының болуы мүмкін екенін ескертті. Tokyo Electric Power Company Holdings Inc мәліметінше, Тиба және Канагава префектураларындағы 920 тұрғын үй уақытша жарықсыз қалған. Токайдо-Синкансэн бағытындағы Токио және Одавара стансаларының арасындағы жолдарда қоқыс пен қалдықтар жиналған соң, Central Japan Railway Co компаниясы сағат 7:40-та жолаушылар тасымалдайтын жүрдек пойыздардың қозғалысын жаңартты. Токияның Ханэда әуежайынан ұшып, қонатын көптеген рейстер жексенбі күні кешкісін тоқтатыла бастады.
Дүйсенбі таңынан 24 сағат бұрын Сидзуока префектурасындағы Идзу қаласына 440 миллиметрден астам жауын-шашын түсті. Бұл Тиба префектурасына келген 9-шы тайфун. Соңғы тайфун префектурада 2016 жылғы тамызда соққан.