Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Еттің денсаулыққа пайдасы

Еттің денсаулыққа пайдасы

«Ет етке, сорпа бетке» деп, етті аса сүйсініп жейтін халықпыз. Десек те кейбіреулер етті қатты ұната бермейді, тіпті кейбірі етті дұрыс қорыта алмай қиналады. Алайда еттің ағза үшін пайдасы шаш етектен екенін көпшілік біле бермейді. Оны ас ретінде ғана емес, шипа үшін де қабылдаған дұрыс. Ендеше еттің денсаулық үшін пайдалы тұстарын біле жүріңіздер.

Ертеде емшілеріміз  асқазан дертімен сырқаттанатын адамға жас малдың етін сүтке пісіріп бе­рген. Себебі сүтке піскен ет асқазанға күш тү­сір­мейді және тез қо­ры­ты­ла­ды. Сонымен қатар құрамы қоректік зат­тар­ға өте бай бол­ғандықтан адам­ға күш­­-қуат береді.

Сондықтан бүгінде жасы 40-тан асқан жандар, әсіресе әйелдер қауымы мұны аптасына немесе айына бір рет тұтынғаны жөн. Өйткені ол ағзаны кальциймен байытады. Басқа төрт түлікке қарағанда қойдың етінде А1, В12, В1 дәрумендері мол. Қой етінің құрамында калций мен фосфор көп болғандықтан, жараның немесе ісіктің бетінің тез қайтуына көмектеседі. Ол үшін жаңа сойылған қой етін жұқалап тіліп алып сол қаракесек етті жылы күйінше ісіп тұрған жерге немесе жараға таңып қою керек.

Қойдың етіне қарағанда ешкінің еті ауыр болады екен. Ал қойдың еті денедегі жылу мен әл-ауқатты арттырады, сонымен қатар денедегі жел­­ді басып, тәбетіңізді де ашады. 

Жылқы етін ұнатпайтын жан жоқ. Дәмі тіл үйіретін қазы-қарта қазақтың ұлттық тағамы. Оның денсаулыққа тигізер пайдасы да көп. Мәселен, ол іріңді тоқтатып қана қоймай, бүйрек пен белді желден тазартады екен.

Сонымен қатра жүрек-қан тамыр ауруларына, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол және ағза жасушаларын жаңартып отырады. Яғни ерте қартаюдың алдын алады.

Сиырдың еті тез қорытылмайды және майлы болып келеді. Алайда ол бүйрек, бел мен бастан ұстаған суықты шығаруға көмектеседі. Жалпы мал атаулының бәрі жасына қарай семіреді. Сондықтан жасы үлкейген сайын етінің майлылығы да арта түседі. Сиыр етінің майында қаныққан май қышқылдары басым. Майы тоңдап тұрады және ол ағзаға түскенде холестерин үлесінің артуына себеп болады. Сол себепті етінде гемоглобин, ақуыз, дәрумендер жылқы етіне қарағанда әлдеқайда аз. 

Іш майдың да пайдасы бар. Ол буындардың сырқаты мен  күйікті жазады. Сонымен қатар құлақ, бас, жатыр сырқаттарынан арылтады. Әлсіреген, шаршаған, қуа­ты мен қаны әлсіз қарттар мен балаларға іште­рін тазартуға, желді шығаруға пайдалы. Сондықтан ан­да-санда ағза жағдайына қарай май жеп тұрған дұрыс. Сонда адамның ішкі қызуы артып, ағзасы тазарып, дене күші кемімей, сергек жүреді.

Сүрленген майдың да шипасы көп. Ол ақылынан адасқан, есі­нен танған адамдарға көмек­тесе­ді және жарақаттың жазы­луы­на  да жақсы әсер етеді. Ал шыж­ғырылған (күйдірілген) май ойды өт­кірлейді, зейінді арт­тырады. Денеге жылу мен күш-қуат бе­реді. Сүйектің майы (жіліктің майы) желді қуып, адамды қуат­тан­дырады. 

Ал тауықтың еті жарақат алған кезде пайдалы. Ағзаға жеңіл әрі ерте сауығып кетуге әсері бар. Ал балық – асқазан ау­руларына ем. Көзге де пайдасы бар. Естеріңізде болсын, жануарлардың ішінде аталықтарының кеуде жағының еті, ал аналықтарының бөксе жақ еті, буаздарының барлық еті ауыр болады. Ал керісінше, малдың ішінде  аналықтардың, ал құс­тар­да аталықтардың еті ағзаға жеңіл болады.

massaget.kz

05 ақпан 2019 ж. 1 088 0