Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты

Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты

Қытайдың Ханчжоу қаласында көше тәртібін қадағалау үшін роботтандырылған полицейлер қызметке кірісті. «Ақылды» патрульдер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жол ережесін сақтауын бақылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Associated Press агенттігінің дерегінше, роботтар тек қауіпсіздікті күзетіп қана қоймай, қозғалысты реттеуге және туристерге бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Дауыстық командаларды түсінетін бұл құрылғылар кез келген жағдайға жедел әрекет ету қабілетіне ие.


Қазіргі таңда қала көшелерінде 15 робот тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бұл адамдарға түсетін жүктемені азайтып, трафикті басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Айта кетейік, жаңа жүйе толық іске қосылмас бұрын жаппай іс-шаралар мен марафондар кезінде сынақтан өткізілген. Енді роботтар тұрақты негізде ресми қызметіне көшті.


Фото: Видеодан алынған кадр

03 мамыр 2026 ж. 42 0