Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда ШЫҰ «Туризм жылы 2023» форумы өтіп жатыр

Қытайда ШЫҰ «Туризм жылы 2023» форумы өтіп жатыр

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Үрімші қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының «Туризм жылы 2023» форумы өтіп жатыр. Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ресми өкілдері, бақылаушылары мен диалог бойынша серіктестер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, туристік компаниялардың басшылары қатысуда, деп хабарлайды Kazinform.

Форум бағдарламасы негізгі төрт тақырыптық блокқа бөлінген. 24 қараша күні өтетін «ШЫҰ кеңістігіндегі туристік әлеует» тақырыбындағы пленарлық отырыс - іс-шараның басты оқиғасы болмақ.

Сондай-ақ бағдарламаға іскерлік шаралар, соның ішінде панельдік сессиялар, туристік компаниялар мен бизнес өкілдері арасындағы іскерлік кездесулер, Шыңжаңдағы туристік орындарға бару кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2023 жылды ШЫҰ-да Туризм жылы деп жариялаған болатын.

2023 жылдың шілдесінде Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық эстафетасын қабылдады.

Фото: SCO
24 қараша 2023 ж. 849 2

Альжан Махмудович от 5 желтоқсан 2023 09:11
Микрокредиты онлайн в Казахстане до 170000 тенге По ссылке https://fas.st/DritZ первый микрокредит онлайн под 0,01%

aadamajnry2481 от 8 қаңтар 2024 18:27