Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауасы ең таза жер

Ауасы ең таза жер

Америка ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек, Жер бетіндегі ауасы ең таза жер Оңтүстік мұхит екен. Бұл аймаққа адам сирек келеді және құрлықтан оқшау жатыр. Оңтүстік мұхит – Атлант, Үнді, Тынық мұхит оңтүстігінің шартты атауы, оны аумағы ресми белгіленбеген "бесінші мұхит" деп те атайды.

Зерттеу авторларының бірі Томас Хиллдың айтуынша, Оңтүстік мұхит – антропогендік ықпалға ұшырамаған аз аймақтың бірі. Мұндағы ауадан аэрозоль ізі мен өзге де ластаушы бөлшектер табылмаған.

Ғалымдар Socrates кемесімен Тасмания аралынан Антарктида мұздықтарына дейін барып, ауа сынамаларын алған. Зерттеу нәтижесіне сай, Оңтүстік мұхит ауасынан тек судан сіңген мұхит бактериялары ғана табылған.



24 маусым 2020 ж. 1 271 0