Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Құйыннан 12 адам қаза тауып, 400-ден астамы зардап шекті

Құйыннан 12 адам қаза тауып, 400-ден астамы зардап шекті

Қытайдың Ухань және Сучжоу қалаларында жойқын торнадодан 12 адам қаза тауып, 400-ден астам тұрғын жарақат алды.

Қытай газеті таратқан мәліметке сенсек, Орталық Қытайдың Хубей провинциясында орналасқан Ухань қаласында табиғат апатынан 8 адам мерт болған, 280-і зардап шекті. Сенбі күні таңертең күшті жел мен құйыннан 480 тұрғын үй қирап, зақымданған. 8 мың шаршы метр аумақта құрылыс алаңындағы уақытша ғимараттар опырылып қалды.

Сол күні Уханьның Тяньхэ халықаралық әуежайында 87 рейс кешігіп ұшты, тағы 123 рейс мүлде кейінге қалды. Шығыс Қытайдағы Цзянсу провинциясының Сучжоу қаласында дауылдан 4 адам көз жұмды. 149 тұрғын жарақат алды. Үскірік желдің екпіні секундына 23,9 метрге жеткен.

16 мамыр 2021 ж. 772 0