Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Үндістанда ауа температурасы 50 градусқа жетті

Үндістанда ауа температурасы 50 градусқа жетті

Үндістанда күн қатты ысып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің солтүстігіндегі Раджастхан штатында ауа температурасы 50 градусқа дейін көтерілген.

Мемлекет астанасы Нью-Делиде термометр бағаны 47,6 градусты көрсетіп, бұл мамырдағы ең ыстық күн болып тіркелді. Құрбандар мен жапа шеккендер жоқ.

Мамандардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар «аптап осы аптаның соңына дейін сақталады» деп отыр.

Мукеш Ядав, сатушы:

- Күн ми қайнатардай шыжып тұр. Бірақ амал жоқ. Жұмысқа шығу керек. Әйтпесе бізге ақшаны кім береді?

Анируд Чоудхари, жүргізуші:

- Мен бұл күндері жұмысқа шықпай-ақ қояйын деп шештім. Алайда, бүгін таныстарым көмектесуімді сұрап еді. Енді үйге қайтатын шама жоқ. Көлеңкеде күн батқанын күтіп отырмын.

29 мамыр 2020 ж. 995 0