Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайтыс болған анасымен кішкентай бала неше күн жатты?

Қайтыс болған анасымен кішкентай бала неше күн жатты?

Кішкентай бала қайтыс болған анасымен бірге пәтерде бес күн жатты. Оқиға Башқұртстанның Янаул қаласында болды, – деп хабарлайды stan.kz.
Алты жасар бала барып жүрген балабақша тәрбиешілері оның бірнеше күн бойы келмегенін байқайды. Әлденеден күдіктенген олар баланың анасының құрбысына хабарласады.
Олар пәтерге бірге келгенде, баланың анасының қайтыс болғанын көреді.  Ал, қасындасы баласы өте әлсіз күйде табылды.
Жергілікті билік өкілдері хабарлағандай, бала бастақыда анасы ұйықтап кетті деп ойлаған. Одан кейін әлсіреп қалғандықтан көмек шақыруға күші жетпеген.
Қазіргі уақытта жетім бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Туыстары баланы өздері асырап алатындарын айтты. 

18 қыркүйек 2019 ж. 1 655 0