Дамыған мемлекеттер коронавирустың енуіне кепілдік бере ала ма?

«Біз жағдайды бақылауда ұстауға тырысамыз. Өкінішке орай, ешкім, тіпті дамыған мемлекеттер де вирустың енуінен қорғанысқа толық кепілдік бере алмайды. Дегенмен, дер уақытында қабылданған шаралар оң нәтижесін беріп отыр. Бүгінгі күнгі жағдайға сәйкес, Қазақстанда жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау үшін ең батыл, жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды. Асыра сілтемей әрі дүрбелеңсіз», – деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының айтуынша, коронавирус әлем бойынша өте жоғары жылдамдықпен әрі қауіпті ауқымда таралып жатыр. Сондықтан бұл да ескерілуде.
«Егер тенденция осы қалпында қалатын болса, онда көп адамдар қатысатын шараларды, оның ішінде халықаралық форумдарды басқа уақытқа ауыстыруға немесе болдырмауға тура келеді. Тарих індеттің билік пен азаматтардың батыл әрекеттерінен «қауіптенетіндігін« көрсетіп отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.