Нағыз ер жігіттерге арналған кеңестер
Заманның талабына сай ер жігіттер де сәннен қалмай, стильді көрінулері қажет. Сол себепті, назарларыңызға кез келген жас шамасындағы ер адамдарға арналған жаднама ұсынамыз:
1. Спорттық шалбар спортзалда қалуы тиіс! Ал егер сіз «гопстоп» немесе өзге субкультура өкілі болсаңыз сіздің спорт шалбарымен жүргеніңіз үшін ешкім ренжімейді.
2. Пиджак пен джинс шалбар үйлеспейді деген пікірдің заманы өтті. Керісінше, бүгінде бұл классикаға саналатын үйлесім екенін жадыңызда сақтап жүріңіз.
3. Пенжагыңыздың соңғы түймесін ілудің керегі жоқ.
4. Ұялы телефоныңызды салып жүретін қапты белге тағушы болмаңыз! Ол заман да өтті...
5. Смокингпен ұзын галстук кимейді.
6. Қоңыр бәтеңке – қоңыр белбеу. Қара бәтеңке – қара белбеу. Бұл қағидалар кэжуал емес, іскерлік стильге сәйкес келеді.
7. Жейденің манжеты пенжактың жеңінен сәл шығыңқырап (1–2 см) тұруы керек.
8. Пальто сіздің денеңізбен дене болып тұруы керек. Сіздің алақаныңыз қалтаңызға еркін кіре алатын болуы қажет. Егер қалтаңызға жұдырығыңыз кіре алатындай болса, пальто сізге үлкен.
9. Егер сіз костюм алсаңыз, оны тігіншіде сіздің денеңізге лайықтап тіктіріп алғаныңыз абзал.
10. Галстук белдіктің айылбасына дейін жетіп тұруы керек.
11. Пенжагыңыз пальто немесе күртеңізден ұзын болмауы тиіс.
12. Күнде қара костюмды тек шетел молдалары киетінін ескеріңіз.
13. Ешқашан шортыны шұлықпен кимеңіз.
14. Ашық аяқ киіммен де шұлық кию қате!
15. Егер сіз жейдеңізді джинс шалбарыңызға салатын ойыңыз болса, міндетті түрде белдік киюіңіз керек.
16. Жазғы резеңке аяқ киімді жағажай мен бассейнге ғана киеді.
massaget.kz