Сарымсақты қандай жағдайда жеуге болмайды?
Сарымсақ тағамға ерекше иіс, дәм беріп тұрады. Оның тәбетті ашатын қасиеті де бар. Алайда сарымсақты жеуге болмайтын кездер болады. Мұны есте ұстаған жөн. Қандай кезде немесе кімдерге сарымсақ жеуге болмайды?
1. Бүйрегі ауратын адамдарға
Сарымсақ құрамындағы токсинді элементтер бүйректің жұмысына кедергі келтіреді. Сол себепті бүйрек сарымсақтың өткірлігінен өз қызметін толық атқармайды.
2. Диарея кезінде
Диарея кезінде сарымсақ жемеген дұрыс. Ішек бойындағы ауруды одан сайын күшейтуі әбден мүмкін.
3. Ота жасататын жандарға
Егер жақын арада ота жасатқалы жүрсеңіз, сарымсаққа жоламаған дұрыс. Негізінде, медицинада ота жасататын науқасқа екі апта сарымсақ жеуге болмайды.
4. Аяғы ауыр және бала емізетін аналарға
Бұл топтағы аналарға сарымсақ қаншалықты зиян екені әлі дәлелденбеген. Бірақ дәрігерлер сарымсақты жемеуге кеңес береді.
5. Қан қысымы төмен жандарға
Сарымсақтың қан қысымын түсіретін қасиеті бар. Егер қысымыңыз төмен болса, одан алыс болған дұрыс.
6. Көз аурулары бар науқастарға
Қытай дәрігерлері сарымсақты жиі жеу көзге кері әсерін тигізетінін айтады. Сол себепті көзіңіз ауырса, қолмен қоса сарымсақты тыйған жөн.