Биыл облыстағы сыртқы тауар айналымы 44 пайызға артқан

– Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті - бюджеттің кіріс бөлігін және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Биыл мемлекеттік бюджет жоспары 108 пайызға орындалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімнің өсу қарқыны 145 пайызды құрады. Салықтық түсімдер бойынша республика көлемінде облыстар арасында республикалық бюджет жоспарының орындалуынан 1-орында болсақ, түсім қарқыны бойынша 3-орында тұрмыз. Өңір басшысының «бюджеттен бөлінген әрбір тиыннан тиісінше түсім түсу керек» деген қатаң ұстанымын басшылыққа алып, бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз. Осы уақытқа дейін мемлекеттік кірістер органдарының тарапынан жүйелі түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде салық есептіліктерін тапсырмағандардың саны 9 айда барлығы 7 912 әкімшілік іс қозғалып, тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Осы статистикалық мәліметтерге сәйкес жауапкершілікке тарту дерегі өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 24 пайызға азайған. Жалпы, мемлекеттік кірістер органдарының тағы бір міндеті – салық төлеушілерге сапалы мемлекеттік қызмет көрсету. Осы ретте өңірдегі мемлекеттік кірістер органдарымен биыл 633 380 мемлекеттік қызмет көрсетілді,- деді Әділбек Ерғалиұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі