Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бүгін - Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін - Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні

РФ президенті Владимир Путин 24 наурызды Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады, деп хабарлайды sputnik.kz.

Барлық мемлекеттік органдарда ту түсіріліп, салтанатты іс-ашаралар тоқтатылды.

Мәскеуліктер трагедия болған жерге гүл шоқтарын апарып, қаза болғандардың рухына тағзым етіп жатыр.

Айта кетері, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус" орталығына қарулы шабуыл жасалды. Автомат ұстаған террористер жолда кездескеннің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінде атыс қаруы болмаған және еш қарсылық көрсете алмаған.

Соңғы мәліметтер бойынша теракт салдарынан 133 адам қаза тауып, 152 адам зардап шекті.

11 адам ұсталды, олардың ішінде 4 террорист "Крокустағы" терактіге тікелей қатысқан.

Фото: © Sputnik / Михаил Голенков / Медиабанкке өту
24 наурыз 2024 ж. 316 0