Антарктикадан үлкен айсберг бөлінді
Ғалымдар мұздың еруі жылдан жылға жылдамдап бара жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр. БҰҰ-ның мұздардың еруі бойынша жасаған есебіне сәйкес, 2005 жылдан бері теңіз деңгейі XX ғасырға қарағанда 2,5 есе тез көтеріліп келеді, деп жазады massaget.kz.
Климат бойынша БҰҰ сарапшылар тобы егер көмірқышқыл газы осы деңгейде (CO2) шығарылатын болса, мұздың еруі 2100 жылға қарай төрт есе артатынын ескертті.
Олардың пікірінше, егер ғаламшарымыз жаһандық жылыну деңгейін индустрияға дейінгі деңгейден 2 градусқа жоғары ұстап тұрса, бұл өсу көрсеткішін тұрақтандыруы мүмкін. Жалпы, БҰҰ арнайы баяндамасына сәйкес, теңіз деңгейі соңғы 200 жылда 1 метрге көтерілген
Ақпан айында тағыда айсберг Ұлыбританияның Halley зерттеу станциясы орналасқан Брант мұздығынан бөлінді. Мұздықтың қалыңдығы 150 метр.
Оның аумағы 1270 шаршы шақырым. Салыстыру айтатын болсақ, айсберг Алматы қаласынан 2 есе үлкен.
Мұздықта 10 жыл бұрын үлкен жарықтар пайда бола бастаған. Қаңтарда ең үлкен жарықшақтардың кеңеюі жеделдеген. Нәтижесінде 26 ақпанда айсберг мұздан бөлініп шықты.
Бұл оқиғаның станцияға қауіп төндірмейтіні айтылды. Станция 2016 жылы континенттің ішкі бөлігіне көшірілген. Ақпан айының ортасында қауіпсіздік мақсатында 12 қызметкер станцияны тәрк еткен.
Айта кетейік, 2019 жылы Антарктидадан кейінгі 50 жыл ішінде ең үлкен мұзтау бөлініп шыққан болатын. Оның салмағы 315 миллиард тонна, аумағы 1636 квадрад шақырым.
Оның көлемі Шотландияның Скай аралымен тең. Мұз тауға D28 деген ат берілген.