Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қанттың зиянын ғалымдар дәлелдеді

Қанттың зиянын ғалымдар дәлелдеді

Қантты қолдану ішіктердің қабынуын тудыруы мүмкін. Бұл – Канаданың Альберт университеті ғалымдарының тұжырымы. Олардың зерттеулерінің нәтижелері ЖОО-ның сайтында жарияланған, – деп хабарлайды 24.kz

Ғылыми тәжірибе барысында белгілі болғандай, колит жасанды жолмен тудырыла қалған жағдайда, тағамдарына қант қосылған тышқандардың ішек тіні көбірек асқынған. Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, қант ауру тудырғыш бактериялардың дамуына әкеп соққан. Өкінішке қарай, олар Альцгеймер мен Паркинсон секілді ауруларды дамытуы мүмкін.

Сондықтан Шығыс Қазақстан облысындағы омарта шаруашылығының қожайыны Сұлтан Сауров қантты балмен алмастыруға кеңес береді. Омарташының айтуынша, ол мың бір ауруға шипа. Ал балды күнделікті тұтыну қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті күшейтіп, мидың жұмысын жақсартады.

Әлемде орташа өмір сүру ұзақтығы жөнінен көш басында тұрғандардың бірі Жаңа Зеландия халқы да балды көп тұтынады.  мануки балының (шай ағашы) құрамында пайдалы заттардың көптігі соншалық, ғалымдар оны MRSA-мен (алтын стафилококк) күресу препараты ретінде қолданбақ.


14 қараша 2019 ж. 2 099 0