Еңбек жастары - егін науқанында

Қазіргі уақытта белең алып тұрған жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жастарды еңбекке баулу және NEET санатындағы жастардың санын азайту мақсатында бірнеше ауылдық округтерден жастар бригадалары құрылуда. Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың тапсырмасына сәйкес еңбекпен айналысуға ниетті жастарды қолдау - басты мақсаттардың бірі болып отыр,-деді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов.
Жастар бригадаларына мемлекеттен уақытша жер беріліп, су айдайтын насос құру, қоршалау, егін науқанына дайындық жұмыстарына қолдау көрсетілуде.
Аталған жастар бригадаларында жұмыссыз жастар жұмыс жасайды.
Бригада мүшелері ауылдық округтерден алыс емес өңірлерде бақша дақылдарын яғни картоп, қауын, қарбыз және жүгері егуді жоспарлап отыр.




