Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Аманкелділік жастар өнер байқауынан топ жарды

Аманкелділік жастар өнер байқауынан топ жарды

Аманкелді ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Аманкелді ауылдық округі әкімінің қолдауымен, ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Сұрапыл жылдар" атты патриоттық әндер байқауы өтті.

Аталған байқауға ауылдық округ бойынша 14-29 жас аралығындағы жас өнерпаздар қатысты.
Байқау екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жас өнерпаздар патриоттық әндер орындаса, екінші бөлімде еркін тақырыпта ән шырқады.

Әділ қазылар алқасында ауыл әкімдігінің жастар ісі жөніндегі маманы, Сырдария аудандық жастар мәслихатының депутаты Нұрман Абдрасилов, мектеп-лицейдің мұғалімі, аудандық "Үздік биолог-2021" байқауының бас жүлдегері Гүлзат Бақытжанқызы, ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Қожаберген Дайырханов қазылық жасады.

Нәтижесінде 1-орын Науан Жанерке, 2-орын Қайып Сәулет, 3-орынды Нұрдәулет Төлепберген  қанжығасына байлады. Өзге қатысушылар да алғыс хат пен арнайы дайындалған сыйлықтарға ие болды.

Ауыл тұрғындары кең көлемді байқауды ұйымдастырған мәдениет қызметкерлеріне өз алғыстарын жеткізді. Алдағы уақытта да жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыратын осыған ұқсас шараларды жиі ұйымдастыруды ұсынды.
18 маусым 2021 ж. 184 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам