Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Еріктілер форумы өткізілді

Еріктілер форумы өткізілді

Аманкелді ауылында өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді.

Осы бағытта биыл Волонтерлар жылына орай, ауыл әкімдігі тарапынан волонтер жастарды қолдауға арналған бірнеше әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар, ауыл әкімдігі жанынан жыл басында «БізБіргеміз» еріктілер орталығы құрылып, 100-ден астам волонтер жастардың жұмысы үйлестірілді. Өздеріңізге белгілі, ауылымыздың ерікті жастары әлемді шарпыған пандемия кезінде түрлі бағытта бастама көтеріп, қайырымды істерге белсене араласты.

Бұл ретте Аманкелді ауылында 2020 жыл - Волонтер жылының қорытынды форумы өткізілді.

Іс-шара негізінде инновациялық идеялар мен көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша көрме ұйымдастырылды.

Форум барысында 2 бағытта, яғни "Birgemiz: Bilim" және «Еріктілермен жұмысшы топ мүшелеріне жұмыс жасау әдістемесі» тақырыбында секциялық жұмыстар жүргізіліп, волонтерлар тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Пленарлық отырыс кезінде 2020 жыл - Волонтер жылының қорытындысы бойынша бейнеролик таныстырылып, бейне есеп берілді.

Форум аясында Аманкелді ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Қылышбекұлы, Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Талғат Оспанұлы және Қызылорда облыстық Волонтерлар Фронт-офисының жетекшісі Болатбек Серікбайұлы сөз сөйлеп, елді мекендегі барлық еңбек еткен еріктілерге алғыс білдірді.

Жыл көлемінде үздік деп танылған ерікті жастарды Аманкелді ауылдық округінің әкімі мен Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы директорының «Алғыс хаттарымен» марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыстады.

Аманкелді ауылынан алдағы уақытта да волонтерлік қызметтерді атқару мақсатында ашылып жатқан «Жалын» еріктілер штабының төрағасы Нұрман Мүсілімұлына куәлік табыстау рәсімі болды.

Ауылдық мәдениет үйі мен №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей өнерпаздарының ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарлама барысында мың бұралған бишілер (флешмоб) жастар биін билеп, Жайдарманшылар көңіл көтеріп, әншілеріміз дауыстарымен келген қонақтарды баурап алды.
Мұнан соң ауылдық округі әкімдігі жанынан құрылған «Жалын» еріктілер штабының ашылу салтанаты өтіп, қызыл лентасы кесілді.

Келген қонақтар еріктілер штабының алдағы атқарылар жұмыстарына сәттілік тіледі.
23 желтоқсан 2020 ж. 266 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам