Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жастар жылы қолдаудың биік сатысы

Жастар жылы қолдаудың биік сатысы


Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының биылғы Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналған.
Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы осы жылдың 10 қаңтарында жолданған болатын, ал наурыз айында Мемлекет басшысы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған Бес әлеуметтік бастаманы ұсынды. Биылғы Жолдау 23-ші рет жолданып отыр екен.
Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.
«Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек». «Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын» – деді Елбасы. Демек, Еліміздің барлық жалынды жастарына деген қамқорлық пен қызығушылықтарын көрсету барысында, жастарға барлық жағдай жасалынады деген сөз. Атап айтсақ, білім алу деңгейі мен жұмыс орнына орналасу жағдайына көбірек көңіл бөлініп, жастарымыздың алға нақты қадам басуға мүмкіншіліктер орын алады. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» деген жобаны іске асыру керек делінген. Бұл дегеніміз ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың еңбектері еленеді деген сөз. Қорытындылай келе, осы аталған Жолдаудың іске асуына бірлесе атсалыссақ, еліміздің болашағы айқын болады. «Болашақ жастардың қолында» демек еліміз үшін Елбасымен бірлесе жұмыстар атқарып, қолдау көрсету біздің парызымыз.

Нұрман АБДРАСИЛОВ,
Аманкелді ауылдық округі
әкімі аппаратының маманы
15 қазан 2018 ж. 879 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам