Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры тағайындалды

Нұрман Абдрасилов 1990 жылы 14 маусымда Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген. Білім - жоғары. «Болашақ» университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрында «Актер» қызметінен бастап, әр жылдарда Ақтөбе қаласында «BeiDjipi» компаниясында бұрғылау маманы, «КТНП» мекемесінде бағдарламашы, «Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратында» инспектор – ұйымдастырушы, Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы қызметінде тәжірибеден өтуші, "Жалын" еріктілер штабының төрағасы, «Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратында» жастар ісі жөніндегі маманы қызметтерін атқарған.
Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі