Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

№ 6 газет

22 қаңтар 2022 ж.

№ 5 газет

18 қаңтар 2022 ж.

№ 4 газет

15 қаңтар 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ТЕХНИКА ТІЛІН ТҮСІНГЕН

ТЕХНИКА ТІЛІН ТҮСІНГЕН


«Еңбек қуаныш, жалқаулық айырылмас қайғы» деп ғұлама Абай атамыз айтқандай үнемі өзің қалаған іспен шұғылданғанда ғана жан рахатын сезінесің. Біздің ендігі кейіпкеріміз нағыз өз кәсібінің шебері атанған. Жастайынан алға қойған мақсатына жету жолында түбегейлі шешімді өзі қабылдап, айқын жоспар да құра білген жан. Оның алғашқыда көлікке деген қызығушылығы оянып, техниканың тілін меңгере бастайды. Кез-келген көліктің механикалық құрылысын, сан алуан бөлшегін құрастыру асқан төзімділікті қажет етеді. Міне, осындай күш-жігерінің арқасында ауылда техника жөндеу орталығын ашқан азамат – Жұмабек Көпбергенов.
Ең алдымен кейіпкеріміз көлік жөндеуден бөлек шиномонтаж және желімдеу жұмысын қолға алады. Яғни кез-келген машинаның доңғалақтарын жамап, жолға жарамды, әрі төзімді етіп шығарады. Ауыл орталығында орналасқан оның жұмыс орны әрі-бері жолаушы тасымалдайтын әрбір автокөлік иесіне қолжетімді. Машинаның ақауы табылған жағдайда дереу Жұмабектің қызметіне жүгінуге болады. Әп-сәтте құрал-сайманын сайлаған шебер өз ісін айна қатесіз, сапалы етіп жасайды. Біз жанына жақындай бергенімізде кезекті рет жеңіл автокөлікті жөндеу үстінде екен. Алаңсыз артық нәрсеге алданбай техниканың бұзылған жерін анықтауға бар ынтасын салуда. Нағыз маманмен әңгімелесу барысында бала күнінен техникаға деген әуестігі жоғары болғандығын білдік. Қос кәсіпті қатар алып жүруге дағдыланған ол жұмыс күшіне байланысты күніне 3-4 автокөлікті жөндесе, көліктің 10-15 доңғалағын қайта қалыпқа келтіреді екен. Үнемі көмекшісі Оразбай Көпбергенов екеуі жасалған жұмыстың сапалы болуына мұқият зер салады. Аз жылдардың ішінде мол тәжірибе жинап, ескі бөлшектен жарамды дүние шығаруға күш салуда.
Бүгінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы несие алып, кәсібін кеңейткен Жұмабек Көпбергеновке жергілікті халық дән риза. Күнделікті табыс көзін тырмысып адал еңбегімен тапқан шеберге алдағы уақытта еңбегінің жемісін көрсін демекпіз.


Балтабай ОРДАБЕКОВ
27 қараша 2018 ж. 623 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам