Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар бригадаларының жұмысы жандануда

Жастар бригадаларының жұмысы жандануда

Еңбек еткеннің еңсесі қашан да биік. Қазіргідей нарық кезе­ңінде қол қусырып қарап отыр­ған адам заманына ілесе алмай, көштен қалуы бек мүмкін. «Талаптыға нұр жауар» демек­ші, талаптанған адамның екі қолына бір күректің табылары анық.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Елімізде ең­бекқор адам, кәсіби маман – ең сыйлы адам болуы тиіс» деп атап өткен еді. Расында да қай қоғамда, қай заманда болмасын, аяғы қи­мылдағанның аузы қимылдайтыны және бар.

«Нағыз жаза – жұмысқа салу емес, нағыз жаза – жұмыссыз қалу шығар» дейді екен Қадір Мырзаәлі ақын. Еңбекпен есейген Сыр жастары да жан-жақты еңбекке араласып, ебін тауып, халыққа да пайдалы жұмыс жасауда. Қа­зіргі таңда белең алып тұрған жұмыссыздық мәселесін азайту мақсатында ауданға қарасты ауылдық округтерде арнайы жастар еңбек бригадалары құрылды. Аудан әкімінің қолдауымен бүгінде қызу еңбекке кіріскен жастар еңбектің нағыз ер етерін біледі.

– Қазіргі уақытта белең алып тұрған жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жас­тарды еңбекке баулу және NEET санатындағы жастардың санын азайту мақсатында бірнеше ауылдық округтерден жастар бригадалары құ­рылды. Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың тапсырмасына сәйкес еңбекпен айналысуға ниетті жастарды қолдау басты мақсаттардың бірі болып отыр. Жастар бригадаларына мемлекеттен уақытша жер беріліп, су айдайтын насос құру, қоршалау, егін науқанына дайындық жұ­мыстарына қолдау көрсетілуде. Аталған жас­тар бригадаларында жұмыссыз жастар еңбекпен қамтылуда. Бригада мүшелері ауылдық округтерден алыс емес өңірлерде бақша дақылдарын яғни картоп, қауын, қарбыз және жүгері егуді жоспарлап отыр, – дейді жастармен жұмыс жүр­гізіп жүрген аудандық жас­тар ресурс­тық орта­лығының директоры Нұрман Абдрасилов.

Елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістер­ге қосу мақсатында ынталандыру жұмыстары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда. Аудан көлемінде өз жұмысын бастаған жас­тар еңбек бригадаларының құрылуы сөзімізді дә­лел­дей түседі.

Еңбек бригадасы құрамында жұмыс жасауға ниетті ауыл жастары үшін егістік жерді егін егуге дайындау, су айдайтын насос беру, келісім арқылы жер беру және қоршау жұмыстары ауыл жастары үшін тегін жүргізіледі. Сондай-ақ жас еңбеккерлер тәжірибе жинақтау мақса­тында Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округіне арнайы барып, ерте көктемде егін ша­руашылығының қарқын алуы үшін біліктілік­терін арттырып қайтты. Өндірістің ең маңызды саласы саналатын ауыл шаруашылығын дамыту мақ­сатында атқарылып жатқан игі істерге аудан әкім­дігі, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен шаруашылық құрылым­дары, ауылдық округ әкімдігі қолдау көрсетуде.

Айта кетейік, қазіргі таңда аудан бойынша жеті ауылдық округте жастар еңбек бригада­ла­ры құрылып, онда 150 жас жұмыспен қамтыл­ған. Бригада мүшелері қоғамдық өмірден де тыс қалдырылмайтын болады. Олар түрлі іс-шара­ларға тартылып, сонымен қатар өз өнімдерін об­лыстық, аудандық көрме-жәрмеңкелерде ұсы­нуына жағдай да жасалмақ. Бүгінгі таңда дала еңбеккерлеріне 40 гектар жер беріліп, 15 гек­тарға бақша дақылдары, қалған аумаққа картоп орналастырылуда.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
23 мамыр 2023 ж. 47 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам