Студенттермен кездесу өтті

Кездесуге Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Талғат Нұрсұлтанұлы, аудандық аграрлы-техникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсұлу Искакова және аудандық полиция бөлімінің ЖПКБ ЮПТ-ның УПИ-ы, полиция аға лейтенанты Айгерім Қоштаева қатысты.
Жастар арасында «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау» және «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбына кеңінен тоқталып, түсіндірме жасалды.
Сала мамандары студенттерге алға мақсат қойып, оған жетуге талпыну керектігін айтты. Зиянды әрекеттерден аулақ болу айтылды.
Студенттер бүгінгі тақырыптар бойынша өз ойларын ашық жеткізіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
Қорыта келе, бүгінгі таңдағы елімізде болып жатқан түрлі сыбайлас жемқорлықты болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарына тосқауыл болуға студенттермен бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасау келісілді.
Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы
жастар ресурстық орталығы