Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұл - ерекше тарихи күн

Бұл - ерекше тарихи күн

Құрметті жас достар!

Жаңа ғана Қазақстан Республикасы Президентін  ұлықтау рәсімі өтті.

Әрбір Президент сайлауы науқанында сайланған Президентке халықтың үлкен үмітпен қа­райты­ны – заңдылық.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде еліміздің әрі қарайғы дамуының он бағытын белгілеп, нақты жоспарларымен бөлісті.

Расында, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – Қазақстанның Президенті ретіндегі қасиетті парызы екендігін айтты.

Бүгін -  еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты! Әділетті Қазақстан құру үшін қоғамда болып жатқан үдерістерге деген  жауапкершілікті сезіне отырып, өз таңдауымызды жасадық.

Ел Президенті ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті.

Барлық жастар тұрақты, әділетті және өркендеген Қазақстанды қолдайды! Сырдария ауданының жастары ел тұтастығын сақтауда аянып қалмайды. Ел ертеңі үшін қызмет ете береді. Біз қолдаймыз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз көркем, еңсеміз тік болуына тілектестік білдіремін.

Біздің Отанымыз – бір,

мемлекетіміз – бір,

халқымыз – бір!

Құрметті жас достар!

Әрқашан бірге болайық!


Нұрман АБДРАСИЛОВ,
Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры
26 қараша 2022 ж. 226 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам